Германиядағы федералды аймақ Солтүстік Рейн-Вестфалия үкіметінің премьер-министрі Армин Лашет дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін думанды карнавалдың биыл болмағаны дұрыс деп есептейтінін WDR телекомпаниясына берген сұхбатында айтты, деп жазады REGNUM АА.
Карнавалдық ассоциациялармен бірлесе осындай ұйғырымға келіп отырмыз, себебі 11 қараша күні дәстүр бойынша халық ойын-сауығымен далаға лап қойса COVID-19-дың қармағына ел болып түсіп, салдарынан ес жия алмай қалуымыз мүмкін, деген Лашет.
Ия коронавирус енгелі жер жаһандағы қалыпты тірлік өзгеше жолға түскен-ді. Лашет: «Карнавалды биыл өткізу, мемлекеттің халқын індеттен қорғаймын деген ниетіне жасалған қарсылық», деп бағалайтынын айта келе, дегенмен бұл мәселедегі нақты шешімнің 2-3 аптаның ішінде толық консенсуқа жеткенде барып қабылданатынына тоқталды.
Бұдан бұрын Германияда жаздың жадыраған күндерінде дәстүрлі түрде өткізілетін «Мергендер мерекесін» тойлауға да тиым болғанын еске салған ол.
Жыл сайын қарашаның 11-де басталатын «Кёльн карнавалы» Солтүстік Рейн-Вестфалия бойын үш бойына думанға толтырып, елге туристерді де шақыратын.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.