• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Медицина 24 Тамыз, 2020

А.Цой Мәскеуге вакцина жөнінде келіссөз жүргізуге ұшып кетті

889 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәскеуке коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік вакцинаны сатып алу мүмкіндігі туралы кездесуге ұшып кетті. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Министр бірлескен делегация құрамымен Мәскеуге ұшып кетті. Бұл жыл сайынғы мемлекеттер арасындағы үкіметаралық кездесулер, экономикалық және қаржылық жобаларды талқылайтын алаң. Осы сапар аясында денсаулық сақтау саласын бірлесе отырып дамыту және коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны сатып алу мәселесі де қарастырылып отыр. Егер ресейлік, америкалық, я болмаса басқа шетелдік вакциналар халықаралық серфикаттар бойынша барлық қажеттілікті қанағаттандыратын болса, оны еліміз сатып алуға ниетті", дейді Бағдат Қожахметов.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері отандық вакцинасының клиникалық сынақтарына қатысатынын сұраған еді. Бұл сұрақ бойынша Б.Қожахметов бүгін Алексей Цоймен сөйлескенін айтты. Сонымен қатар, ол дайын вакцинаны кем дегенде алты ай күтуге тура келетінін нақтылады.

Естеріңізге сала кетейік, әлем елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып, коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны Ресейдің Гамалея институты әзірледі. Олардың айтуынша, жаппай вакцинациялауды осы жылдың қазан айында басталатынын мәлімдеді. Оған 40 мыңнан астам адам қатысады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.