• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 25 Тамыз, 2020

Үкіметтік емес ұйымдарды тарту – дұрыс шешім

152 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлық неге қа­уіп­ті? Қасым-Жомарт Тоқаев атап көр­сеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әрекетсіздік азаматтар арасында наразылық пен құқықтық нигилизмнің жоғарылауына әкеп соғады. Сондай-ақ жемқорлық қо­ғам алдында заңның беделін түсі­ріп, әлеуметтік шиеленісті күшей­теді. Ел экономикасының тиім­ділігін төмендетіп, мемлекеттің құл­ды­рауына әкеледі.

Бүгінде елімізде қызметкері пара алғаны үшін басшыларын қызметінен босату заңнамалық түрде енгізілді. Осы бағыттағы нормативтік-құқықтық актілерді сараптау жұмысы күшейтілді. Мәселен, өткен жыл­мен са­лыс­­тыр­ғанда жауапкершілікке тар­тыл­­ған тұлғалар саны биыл 11 пайызға артты.

Осы орайда, Қ.Тоқаевтың сы­бай­лас жемқорлықтың себептері мен шарттарын жоймай, бұл бағыт­тағы жұмыс мағынасыз деген ойы өте орынды. Пре­зидент мұндай кешенді және алдын алу шаралары жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық проблемасы белгілі бір салада төтенше оқиға­лар орын алғаннан кейін ғана анық­талатынына екпін берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл­ды бақылауға жұрт­шылықты, үкі­мет­тік емес ұйымдарды тарту – дұрыс ше­шім. Бұған азаматтардың белсенділігі де, ең қы­сқа мерзімде ақпаратты таратуға мүм­кін­­дік бе­ре­тін әлеу­меттік желілер де ықпал етеді.

Осылайша, Президент қатыс­қан кеңесте мемлекетте сыбай­лас жем­қор­лыққа қарсы іс-қи­мыл­дың маңы­зы толық танылып, алға қойылған мін­деттерді орын­дау үшін нақты міндеттер ай­қын­далды.

 

Айман ЖҮСІПОВА,

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының қызметкері