• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2020

Елордада 14 интернет-қылмыскер ұсталды

384 рет
көрсетілді

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы  жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы  жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеп-тексеру үшін жедел қызметкерлер мен тергеу қызметкерлері қатарынан жұмылдыру тобы құрылды.   Үш күннің ішінде  ЖАІШ өткізу барысында  тәртіп сақшылары интернет желісінде жасалған 50-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылық, сондай-ақ 29 факті интернет-алаяқтық  және 7 интернет-ұрлығын ашқан.

Іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер  интернет-желісінде қылмыс жасаған 14 азаматты ұстаған, оның ішінде алтауы бірнеше рет ұрлық жасаған интернет-алаяқ.

Мысалы, азаматтарды онлайн түрде алдаудың 40-тан астам фактісіне қатыстылығы дәлелденген 40 жастағы ер адам ұсталған. Аталған адам ақпаратты заңсыз жинау жолымен Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес мәліметтерін алып, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы несие ресімдеуді жүзеге асырған. Бүгінгі таңда осы адам қамауға алынған және оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, 20 тамызда полицейлер азаматтарға ірі көлемде банктен несие алып берем деп уәде берген 31 жастағы астана тұрғынын ұстаған.  Көптеген азаматтар  банктер несие беруден бас тартқан жағдайда интернет желісіндегі делдалдарға жүгінеді. Жоғарыда аталған азаматша 5 қала тұрғынын алдап, жалған делдалдықпен айналысқан  күдікті болып шықты. Өзінің  "көрсеткен қызметі үшін" алаяқ алдын ала төлем талап еткен және киви-әмиянына ақша аударылғаннан кейін желідегі хабарландыру мен телефон нөмірлерін  жойып отырған. Қазіргі кезде осы адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (ақпараттық жүйені пайдаланушыны  алдау немесе сенімін теріс пайдалану  жолымен жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.