• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
26 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №63

262 рет
көрсетілді

2013 жылғы 6 наурыз Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп тану туралы

 

2013 жылғы 6 наурыз                     Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп тану туралы

«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Мынадай:

1) «Электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет көрсету ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы № 66 бұй­ры­ғы­ның (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 30 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1805 болып енгізілген);

2) «Электр немесе жылу желiлерiне қосатын және жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн қосатын ең жақын нүктенi анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 1 қазандағы № 270 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5840 болып енгізілген,«Заң газеті» 2009 жылғы 12 қарашада   № 173 (1596) жарияланды, 2009 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы);

3) «Бiлiктi энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2009 жылғы 29 қыркүйектегi № 264 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5841 тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 13 қарашада № 174 (1597) жарияланды, 2009 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы) күшi жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментi (Ж.Қ. Бөкенбаев) бiр апталық мерзiмде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықтың көшiрмесiн жiберсiн және оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасының Индус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа

технологиялар министрі     Ә.Исекешев.

Соңғы жаңалықтар