• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2020

Есірткі пайдаланған 4 алматылық ұсталды

242 рет
көрсетілді

Алматы облысында есірткі пайдаланғаны үшін төрт азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

21 және 23 тамызда Алматы облысының орталығында қоғамдық орындарда есірткі құралдарын медициналық емес мақсатта пайдаланатын адамдарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған жедел шаралар барысында 27, 36, 39 және 42 жастағы төрт азамат ұсталды. Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

– Бұл адамдарды бір-ақ нәрсе біріктіреді. Олар қоғамға жат өмір салтын ұстайды, сондай-ақ олар еш жерде жұмыс істемейді, кездейсоқ табыс табу үшін өмір сүреді. Дегенмен, олар заңға қайшы болса да, есірткіге қаражат табудың жолдарын қалайда табады. Қоғамдық орындарда есірткіні қолдану – жастарды қылмыстық ортаға тартудың бір тәсілі екенін ескере отырып, күдіктілер сот алдында әрекеттері үшін жауап береді. Оларға 80 АЕК көлемінде айыппұл, 80 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу немесе қоғамдық жұмыстар немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Жыл басынан бері Талдықорған қаласында осындай 125 дерек тіркелген. Өткен жылы облыс көлемінде полиция қызметкерлері есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынудың 214 дерегін әшкерелесе, биыл 219 дерек анықталған. Бұл құқық қорғау органдарының осы бағыттағы жұмыстарының жанданғанын көрсетеді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.