• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2020

Елордада "Шапағат" коммуналдық базарына келушілер тегін заңгерлік және психологиялық кеңес алады

147 рет
көрсетілді

Акция 25 тамызда сағат 15: 00-де басталып, Конституция күні қарсаңында өтеді, - деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін «Шапағат» коммуналдық базарының аумағында сағат 15: 00-де елорда әкімдігі, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және үкіметтік емес ұйымдар «Адал көмек» акциясын өткізуде.

Келушілер тегін заң көмегін ала алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кеңестері өткізіледі. Тілек білдірушілер жанжалдар мен отбасылық қатынастарды шешу бойынша психологиялық көмек ала алады. Сонымен қатар жоғары білікті мамандар сатылатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігі үшін сатушылардың жауаптылығы туралы сұрақтарға жауап береді.

Шараның мақсаты – құқықтық білім деңгейін, тұтынушылардың сауаттылығын арттыру және халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар сонымен қатар барлық келушілер санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауы, маска тағуы, санитайзер қолдануы және қашықтық сақтауы тиіс екенін атап өтті.