• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2020

Солтүстікқазақстандықтар белсенді

174 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова журналистерге арналған брифингте праймериз басталған алғашқы 4 күнде солтүстікқазақстандық 400-ден астам адам оған қатысуға ниет білдіргенін жеткізді.

– Барлық өтініш білдір­ген 405 адамның 173-і әйел, со­ның ішінде жетеуі көпбала­лы ана, – деді Ә.Рахметова. – Кан­дидаттардың жаста­ры­на келетін болсақ, 35-тен 50 жасқа дейінгі канди­дат­тар­дың үлесі – 46 пайыз, ал 35-ке де­йін­гілер – 24 пайыз. Қызмет ету салаларын алатын болсақ, 49 па­йыздық ең үлкен үлесті білім саласының қызметкерлері алып отыр. Одан кейінгі орында ШОБ өкілдері. Олар 12 пайыздық үлесті иеленген. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет сала­сының өкілдері де бар.

Еске сала кететін бол­сақ, прай­меризге қатысу­шы­­­­лардың үгіт-насихат жұ­мыс­­­тары 7 қыр­күйектен бас­та­лып, 3 қазанда аяқталады. Оны кандидаттар өздерінің же­ке қаржыларының есебінен жүргізеді. Шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтары­ның қаржыландыруына ты­йым салынған. Сондай-ақ мем­­ле­кет­тік органдардың қар­жы­лан­дыруына да болмайды.

Ә.Рахметова өзінің сө­зін­­де кандидаттардың де­бат­­тар­ға қатысып, өз­де­рі­нің бағ­дар­ла­ма­сын айтуы мін­­дет­телетінін ес­кертті.

– Оларға кез келген қа­ты­су­­шы сұрақтар қоя алады. Де­баттың ұзақтығы 90 ми­­­нут­тан аспайды. Қа­ла­лық және аудандық мәсли­хаттарға қа­тысушылар кем дегенде бір де­батқа, об­­лыстық мәслихатқа өтуден үміт­керлер екі дебатқа және Мә­жіліс депутаты болуды қа­лайтындар үш дебатқа қа­тысуы керек, – деді ол.

Үміткерлерге дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы