• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Медицина 26 Тамыз, 2020

Тегін екпе кімдерге жасалады? (Иммундау бағдарламасы биыл 430 мың алматылықты қамтиды)

135 рет
көрсетілді

Елімізде пандемияға байланысты биыл 22 наурыздан бас­тап профилак­тикалық егулер тоқтатылып,11 мамырда қайта басталғаны белгілі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес бұл іс қай­та қолға алынды. Биыл жылдың соңына дейін диспансерлік есепте тұрған 405 мың алматылықты қамту жоспарланған. Ал тегін екпе 25 мың жүкті әйелге жасалады.

Бірінші кезекте екпені вакцина­лаудың бастапқы кезеңіндегі жоспарлы екпені алмаған 1 жасқа дейінгі балалар алады. Вакциналауды барлық міндетті санитарлық шараларды сақ­тай отырып, емханада алу керек.

«Иммундау жұмыстары күнтізбеге сәйкес жалғасуда. Емханаға тек алдын-ала жазылу арқылы бару керек. Келетін пациент жайлы медициналық мекеме қызметкерлерін алдын-ала хабардар етеді. Вакциналау тек адамның сау фонында жүргізіледі. 30 минут ішінде медицина қызметкерлері баланың немесе ересек адамның жағ­дайын мұқият бақылауы керек. Қазіргі уақытта адамдарды вакци­налауға ешқандай медициналық қар­сы көрсетілімдер байқалған жоқ. COVID-19 вирусымен ауырып жа­зылған және олармен байланыста болған, бірақ клиникалық белгілері жоқ адамдар әдеттегі дейвакцинациялануы мүмкін», дейді Алматы қаласы №4 емхананың бас дәрігері ЗухраУмарова.

Профилактикалық егулердің ұлт­тық күнтізбесіне ұсынылатын вакциналардың түрі, жасы, қашан және кімді вакциналау қажет, сондай-ақ қолдану схемасы көрсетілген жоспарлы егулердің тізбесі кі­реді. Қазақстанның Ұлттық егу күн­тіз­бесінде 21 инфекцияның алдын алу және таралу мүмкіндігі қарас­ты­рылған. Олар тегін беріледі. Яғ­ни инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егу – жасы келген адамдарға, жұқпалы ауру­­лардың (көктемгі-жазғы кене энце­фалиті) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтіндерге, өзінің кәсіби қызметі бойынша қауіпті топқа жататын медицина қызметкерлеріне («В» вирус гепатиті, тұмау), кәріз жә­не тазарту құрылыстарының қыз­меткерлері (іш сүзегі), қан құю процедурасынан өткендерге («В» вирус гепатиті), медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балаларға (тұмау), балалар үйінің, сәбилер үйінің балалары, қарттар үйінің контингенті (тұмау), кез келген жануар тістеген, сілекейленген адамдарға (құтыру), жарақатталып, тері және шырышты қабаттары бұзылғандарға (сіреспе), инфекцияға шалдығу деңгейі жоғары өңірлерде тұратындарға жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер­дің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің деректеріне сәйкес, әлі де елімізде эпидемиялық жағдай тұрақты емес. Күзде COVID-19 вирусымен сырқаттанудың екінші толқыны болуы мүмкін, бұл ретте негізгі қауіп тобы –  созылмалы аурулары бар адамдар, оның ішінде 65 жастан асқан адамдар (жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар) және медицина қызметкерлері болмақ. Осыған байланысты қыркүйек айының басында тұмауға қарсы вакциналау басталады. Қазіргі уақытта 130 мың доза күтіліп отыр. «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторына қосымша тұмауға қарсы вакцинаның 300 мың дозасына өтінім берілді, бұл 2020 жылдың қазан айында жеткізіледі деп жоспарлануда.

Ал тұмауға қарсы вакцинация: медицина қызметкерлеріне, медици­налық ұйымдарда медициналық ба­қылауда жататын балаларға, алты айдан асқан жиі ауыратын бала­лар­ға, жетім балалар мен ата-ана­сы­ның қамқорлығынсыз қалған бала­ларға, арналған білім беру ұйым­дарының, балалар үйлерінің балаларына, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларына, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті әйелдерге, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

 

АЛМАТЫ