Бүгін таңғы сағат 05:58-де Түлкібас ауданы, Машат ауылынан 4 шақырым жерде, республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 649-650 шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға орнына дереу ТЖД қызметкерлері, полицейлер және жедел медициналық көмек бригадалары шықты.
"Алматы-Сарыағаш" бағыты бойынша келе жатқан "Yutong" маркалы жолаушылар автобусы рульді басқара алмай, кюветке қарай аударылған. Салонда 34 адам болған, оның ішінде 7 бала бар.
Жол көлік оқиғасының нәтижесінде 17 адам Сайрам аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда 6 адам жарақаттарын емдеуде. Оның екеуі ауыр жағдайда жатыр. Қалғандары тексерістен кейін үйлеріне жіберіледі. Қайтыс болғандар жоқ.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.