Елордада жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған департамент мәліметіне сәйкес, бүгін таңертең сағат 08:29-да 1976 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан "Hyundai" жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып, апатқа ұшыраған. Арнайы дыбыс белгісін қосып Қонаев көшесімен Тұран даңғылына қарай жанама жолмен келе жатқан көлік №1 қарама-қарсы жаяу жүргіншілер көпірінің тіреуіне соғылған. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.