• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2020

Мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін заңгерлік кеңес беру акциясы өтеді

534 рет
көрсетілді

Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына және мүмкіндігі шектеулі жандарға құқықтық кеңес беру ниетімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қаласы, Медеу аудандық "Nur Otan" филиалына қарасты "Абай" бастауыш партия ұйымының төрағасы Такир Оспанұлы Балықбаевтың бастамасымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұйымдастырушылар "Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қайырымдылықтың басты ерекшелігі - көмектің түрін, уақыты мен орнын, сондай-ақ мазмұнын (мақсатты) ерікті түрде таңдау мүмкіндігі бар" дей келе аталмыш шара барысында пандемия кезінде туындаған құқықтық мәселелер бойынша (әлеуметтік көмек алу, жұмыстан босату және жалдау, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құқықтану кафедрасының жоғары білікті заңгер-оқытушылары тегін заңгерлік кеңес беретіндігін жеткізді.

Қайырымдылық акциясы ағымдағы жылдың 27 тамызында сағат 10:00-де Алматы қ. Жамбыл к., 25 мекен-жайы бойынша басталады. Эпидемияға қарсы ережелерге сәйкес кеңес беру үшін 8 (702) 803 88 73, 8 (747) 772 74 32 байланыс телефондары арқылы хабарласу қажет.