• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Тамыз, 2020

Абдулманап Нұрмагомедовтың турнирінде үш өреніміз өнер көрсетеді

487 рет
көрсетілді

9 қыркүйекте Мәскеуде аралас жекпе-жектен әйгілі бапкер Абдулманап Нұрмагомедовты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің тұсауы кесіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ирина Винер-Усманова атындағы спорт сарайында өтетін жарыста Қазақстанның үш бірдей өрені өнер көрсетеді. Атап айтсақ, 84 кило салмақтағы Дәурен Ермеков (14 жеңіс, 6 жеңіліс, 9 нокаут) Екатеринбургтің өкілі Владимир Минеевпен (13 жеңіс, 1 жеңіліс, 11 нокаут) шеберлік байқасады.

66 кило салмақ дәрежесіндегі Сәбит Жүсіпов (8 жеңіс, 3 жеңіліс, 4 нокаут) калининградтық Александр Луневпен (3 жеңіс, 3 нокаут) жекпе-жекке шығады.

77 кило салмақта Гойти Дазаев (8 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 тең, 5 нокаут) айқасады. Оның қарсыласы – Иркутск өңірінің тумасы Максим Буторин (15 жеңіс, 2 жеңіліс, 1тең 11 нокаут). 

Естеріңізге сала кетейік, Абдулманап Магомедұлы Дағыстанда күрес түрлері және аралас жекпе-жек өнерін дамытуға сүбелі үлес қосқан тұлға. Ол даңқы жер жарған спортшы, UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедовтың әкесі. 57 жастағы айтулы азамат үстіміздегі жылдың 3 шілдесінде коронавирус дерітінен қайтыс болды.