• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Тамыз, 2020

Бүгіннен бастап елімізде бірқатар нысан қызметін қайта бастайды

185 рет
көрсетілді

Ведомствоаралық комиссия 31 тамыздан бастап бірқатар нысанның қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);

бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су беті есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);

спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);

мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу қажет);

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет); қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.