• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әдебиет 26 Тамыз, 2020

Халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

443 рет
көрсетілді

Жыл сайын сары-ала күздің басы Мәскеу үшін әдеби оқиғаларға толы болады. Бұл игі дәстүр осы жолы да жалғасын тауып, 2 қыркүйекте Ресей астанасында 33-ші Халықаралық кітап жәрмеңкесі басталмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем авторлары мен түрлі баспалардың басын қосатын ауқымды шара қаланың мәдени ошақтарының бірі – «Манеж» орталық көрме залында өтеді. Қазіргі заманауи әдебиеттегі жаңа туындылар, лекция, дискуссиялық отырыстар, танымал жазушылармен кездесулер һәм кітап шығару ісіндегі ақылдасулар – ертеңгі жәрмеңкенің бір бөлігі ғана. Айта кетейік, халықаралық кітап жәрмеңкесі онлайн және оффлайн форматында өткізіледі. Жоспардағы әйдік авторлар карантиндік шараларға байланысты оқырмандармен қашықтан әңгіме өрбітпек.

Биылғы кітап жәрмеңкесінің арнайы қонағы Оңтүстік Корея Республикасы екен. Және олар әдебиет мейрамына онлайн түрде де қатыса алады. Байқауымызша, кітап жәрмеңкесі ұзақ уақытқа созылған қатаң карантиннен кейінгі өмірдің ақырындап қалыпқа келе бастауына ықпал ететін сияқты. 

Күздің басын ала әлемнің түкпір-түкпірінен Мәскеуге қарай ағылатын мәдени жұрттың қатарында біздің «Фоллиант» баспасы да бар еді. Алайда, осы жылы карантинге байланысты қазақстандық баспа қатыса алмайды. Тек «Фоллианттың» Мәскеудегі өкілдері жәрмеңкеге атсалыспақ.

33-рет өткізелетін Мәскеу халықаралық кітап жәрмеңкесі 6 қыркүйекке дейін созылады.