• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Тамыз, 2020

СҚО-да 5 күн бұрын жоғалған кейуана ағаш арасынан табылды

1219 рет
көрсетілді

Жуырда Петропавл қаласының бір тұрғыны 75 жастағы шешесінің үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Қарттың жады нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендеген екен. Мұндай жандар үйінен алысырақ кетсе қайтадан тауып бара алмайтыны белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарт әйелді іздеуге полицейлермен қатар еріктілер де жұмылдырылған. Олар қаланың барлық аймақтарын, соның ішінде шеткергі кенттерді де сүзіп шыққан. Бірақ ешқандай жерден кейуана табылмаған.

Кейуана тек кеше, қаладан 40 шақырым жердегі Мамлютка қаласының маңындағы орманнан табылды. Орман учаскесін аралап жүрген қорықшы шаршап-шалдыққан қартты көргенде ол өзінің қайдан келе жатқанын және қай жаққа бара жатқанын түсіндіре алмаған. Қорықшы дереу полицияға хабарлаған соң әйелді бағдарлар бойынша таныған қызметкерлер оны аудандық полиция бөліміне жеткізеді.

"Әжей бағытынан адасып, 5 күн бойы қайда болғанын айта алмады", дейді СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.

"Іздестіру жұмысына қатысқан, әжейдің өміріне бей-жай қарамаған қайырымды жандарға, еріктілерге және әлеуметік желілердің әкімгерлеріне алғыс білдіремін. Еріктілердің көмегі ерекше, халықпен өзара әрекет – біз үшін құқықтық тәртіптің маңызды негіздерінің бірі", деді ол. Кейуананың туыстары полиция мен еріктілерге алғыстарын айтты.