• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Тамыз, 2020

Қазақстанда машина жасау өндірісі дамып келеді

408 рет
көрсетілді

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан біршама ілгерілеуге қол жеткізді. Қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ІЖӨ-нің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға жеткізуге, тіпті одан әрі жоғарылатуға болады деген болжам жасалды. Осы межені бағындыру үшін Мемлекет басшысы шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру туралы тапсырма жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент тапсырмасына орай өңдеу өнеркәсібіне басымдық беру, еңбек өнімділігін арттыру Үкіметтің басым міндеттері ретінде белгіленген болатын. Биылғы қаңтар-шілде айларындағы деректерге көз жүгіртер болсақ, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3 пайызға өсті. Әрине, бұл былтыр межеленген көрсеткіштен төмен екені түсінікті. Алайда әлемдік сипат алған экономикалық кері ахуалдар, атап айтқанда коронавирус пандемиясы Үкіметтің бірқатар жоспарына өзгерту енгізді деуге болады.

Пандемияға қарамастан, 12 өңірде өсімнің оң динамикасы сақталды. Өңдеу өнеркәсібіндегі түсті металлургия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және басқа да салалар есебінен 3,8 пайызға жетті. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 3,6 пайызға артты. Машина жасау саласы жақсы нәтижеге қол жеткізіп, өндіріс көлемі 13,9 пайызға ұлғайды. Автокөлік құралдары, трейлер, жартылай тіркеме, электр жабдықтарын жасау алға басты. Фармацевтикада өндіріс 23,2 пайызға артты. Атап айтқанда, дәрілік заттар, қорғаныс жиынтықтары, медициналық қолғап, медициналық бетперде сынды уақыт талабына сай сұраныс артқан тауарларды өндіру біршама жолға қойылды.

Жеңіл өнеркәсіптегі өсім көлемі – 7,3 пайыз. Бұл негізінен тоқыма бұйымдар мен былғары өнімдердің үлесінен қол жеткізілген көрсеткіш. Көлік, транзиттік тасымал, құрылыс саласында да оң көрсеткіштер тіркелді.