Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA) Қазақстан Республикасының Ұлттық волонтерлік желісімен бірге Павлодар қаласының мектептеріне қолдау көрсетті.
Елімізде жарты миллионға жуық оқушы 1 қыркүйек күні мектеп партасының алдына қайта отырмақ. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, бастауыш мектептерде кезекші сыныптар ашылады. Коронавирустық инфекцияның пандемиясының жағдайында балалардың қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтау қажет.
25 тамыз күні Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігінің ғимаратында Корея Республикасы Үкіметінің қаржылық қолдауымен KOICA Түлектер қауымдастығының тарапынан коронавируспен күресуде қайтарымсыз көмек ретінде Павлодардың мектептеріне 416 мөлшерлегіш құрылғылар мен антисептиктерді тапсыру рәсімі өтті. Ұлттық волонтерлік желісі диспенсерлерді Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодарға тасымалдауға, сондай-ақ оларды мектептерге тапсыруға және орнатуға көмектесті. Рәсімді Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сок, Қауымдастықтың президенті Садықова Гүлдана және Ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким жүргіеді.