Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті. Бұл туралы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Кездесу барысында Сенат депутаттарының өңірлердегі сапарларының қорытындылары және Жоғары палатаның алдағы сессиясына арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәулен Әшімбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасты.