• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Тамыз, 2020

Жастар "Жас ғалымдар үйін" салуды ұсынады

559 рет
көрсетілді

Жасотандықтар "Жас ғалымдар үйін" салуды ұсынады. Бұл туралы Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға арналған "Жастар-Отанға!" бағдарламасы аясында бейнеконференцияда айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бейнеконференция барысында Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев өңірлер мен ауылдардың нақты бір мәселелерін шешуде тиімді жол карталары әзірлетінін атап өтті.

"Біз алғаш рет өз алдымызға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты шаралар кешені мен белгіленген индикаторлары бар 216 өңірлік жол картасын дайындаймыз. Әр жол картасы сол ауданды, қаланы қамтитын болады, ал жергілікті жастар осы индикаторлардың орындалу барысын өздері бақылай алады. Осындай жол картасындағы нақты тармақтардың бірі – жастар арасындағы жұмыссыздықты 3,7%-ға дейін төмендету керек", дейді жастар көшбасшысы.

Белгілі PR оқытушы, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай жастарды мемлекеттік қызметке тарту идеясын ұсынды:

– Мемлекеттік қызметкерлерді, мемлекетке, қоғамға қызмет ететін адамдарды тәрбиелеу және дамыту өте маңызды. Біз өмір бойы қоғамдық қызметкер бола алмаймыз, еріктілер де дәл солай. Сондықтан мемлекеттік басқару жүйесінің қызметтік призмасын жаңарту арқылы біз жастарды осы қызметке шақыра аламыз, − дейді Ақерке Берлібай.

Ал, тарихшы, археолог, PhD докторы, Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Айбар Қасеналиннің айтуынша, "Дарын" сыйлығы жастардың еңбегін бағалау үшін жеткіліксіз. Сондықтан өскелең ұрпақты "Жас ғалым", "Жас талант", "Жас жазушы" сияқты сыйлықтарды тағайындау арқылы ынталандыру қажет. Сондай-ақ, ғылыммен айналысатын жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, жас ғалымдар үйін салу керек екенін атап өтті.

"Барлық аудандарда, мектептер мен оқу орындарында арнайы спорт алаңдарын жабдықтау маңызды. Сонымен қатар, фитнес клуб, залдармен бірге әлеуметтік осал отбасыларға жеңілдіктер жасауды ұсынамын. Өйткені, олар басқа өмір салтын көріп, болашақ өмірін жақсартуға тырысады", дейді Көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анна Алябьева.

Айта кетейік,  2025 жылға арналған "Жастар-Отанға!" бағдарламасы, Jas Otan жастар қанатының V съезінде қабылданады. Қазіргі уақытта бағдарлама жобасы еліміздің барлық өңірінде қызу талқыланып жатыр.

 

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.