• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Тамыз, 2020

Жаңа терминал жүк ағынын реттейді

325 рет
көрсетілді

Биыл тамыз айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Dostyk TransTerminal» ЖШС арасында Достық стансасында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат Қазақстанның транзит­тік әлеуетін дамыту үшін негізгі тізбегі саналатын Достық шекаралық стансасының өткізу мүмкіндігін арттыру мен инфрақұрылы­мын да­мыту жөніндегі ұзақмерзімді әрі өзара тиім­ді ынтымақтастығының басталуына кепіл болмақ.

«Dostyk TransTerminal» ЖШС Достық стан­са­сының шығысындағы 6 шақырым жерде көп­функциялы ауыстырып тиеу жүк терминалы құ­ры­лысын бастайды. Жаңа терминал тар шойын жолдан кең жолақты теміржол көлігіне контей­нерлерді қайта тиеуге арналған, бұл ретте ауа райы жағдайына қарамастан толық құрамды контей­нерлік пойыздардың алдыңғы жүктемесінің болуы қарастырылған. Мұнда жылына 100 мың контейнерге дейін, жүкағынының ұлғаюына қарай 450 мың контейнерге дейін кеңею мүмкіндігімен ауыс­тырып тиеу қамтамасыз етілетін болады.

Жоспарға сәйкес, терминал 2021 жылдың сәуі­рінде контейнерлік пойыздарды қабылдай бас­тайды. Заманауи логистикалық хаб ретінде жаңа терминалдың жұмыс істей бастауы Достық стансасы арқылы көлік бағытының бәсекеге қабілеттігін арттыруға ықпал етеді, бұл әсіресе Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдардың қарқынды дамуы жағдайында маңызды.