Мемлекет басшысының өкімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1999 жыл мен 2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қатарында және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінде әртүрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі Бастығының бірінші орынбасары – Президенттің қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды. Ал 2014 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болған.
ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, ҚР Президентінің атынан және ПКҚ алғыстармен, "ҚР ҰҚК Әскери институтына 75 жыл" арнаулы мерейтой төсбелгісімен, "100 лет ВЧК-КГБ" медальмен, "ҚР МКҚ Құрметті қызметкері" төс белгісімен, ведомстволық 10 медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасылы, үш қызы мен бір ұлы бар. Генерал-майор атағын иеленген.