• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 28 Тамыз, 2020

МӘМ қызметкерлерін психоневрологиялық аурулары бар азаматтарды оңалтуға оқытады

472 рет
көрсетілді

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) мамандарын психоневрологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді оңалту бойынша онлайн-оқыту жүргізіледі. Жоба ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасында 28 МӘМ-де басталады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Семинарларды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырады. Семинарлар циклін мүгедектігі бар адамдардың "Кеңес" әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы қоғамдық бірлестігі әзірледі.

Жобаға стационар жағдайында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысады. Оларға мекеме директоры, әдіскер, психолог, логопед, дефектолог мұғалімдер, тәрбиешілер, жаттығу терапиясы жөніндегі инструкторлар және т. б. кіреді.

Онлайн курстан өтіп, МӘМ мамандары қамқорлыққа алынған адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану және т.б. сияқты әлеуметтік маңызды дағдыларға үйрете алады. Сонымен қатар, алынған білім негізінде МӘМ мамандары өз өңірлерінде әлеуметтік қызметкерлерді одан әрі оқытады.