• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Тамыз, 2020

Елорданың такси қызметі бетперде тағу режімін сақтау туралы push-хабарландыру жібереді

359 рет
көрсетілді

2020 жылғы 28 тамыздан бастап "City Transportation Systems" ЖШС және "Astana taxi service" ЖШС қала тұрғындары мен қонақтарын бетперде тағу режімін сақтау туралы ескертудің жаңа әдісін іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz

Astana taxi service клиенттерді құлақтандыру жүйесі автохабарлаушы және push-хабарлама арқылы COVID-2019 қарсы тұру шаралары туралы ақпарат таратады.

Мәтінде "Назар аударыңыз! ҚР санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына сәйкес көлікте (соның ішінде таксиде) міндетті түрде бетперде тағу керек", делінген. 3 тамыздан бастап, яғни қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданғаннан, CTS көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындауын, атап айтқанда бетперде тағуын күнделікті бақылайды.

Бетперде тағу режімін сақтамайтын жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, оларды автобустан түсу сұралады. Тамыз айында CTS көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері 2, 3 мың жолаушыға ескерту жасады, 557 жолаушы автобустан шығарылды.

Ескертеміз, коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін Қазақстан тұрғындары бетпердені жабық орындарда, сондай-ақ көлікте және көшеде тағуы керек.