• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Тамыз, 2020

Немістің CLAAS компаниясы Қазақстанда зауыт ашады

269 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемдегі ауылшаруашылығы техникасын ірі өндірушілердің бірі CLAAS неміс компаниясымен  өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Германияның өнеркәсіптік кооперациясы Мемлекет басшысы CLAAS Group компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы К.Клаас-Мюльхойзермен 2019 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының ГФР-ға сапарының аясында жұмыс кездесуі барысында бастамашылық етті. Сапардың қорытындысы бойынша германдық бизнеспен жұмыс істеу үшін ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Склярдың басшылығымен арнайы жұмыс тобы құрылды. ҚР аумағында ауыл шаруашылығы машиналарын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаны пысықтауды ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитеті, ГФР-дағы ҚР Елшілігі, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізді. 

CLAAS – әлемдік ауылшаруашылық техникасының флагманы және еуропалық ауылшаруашылық техникасының ең ірі өндірушісі болып табылады. Әйгілі неміс компаниясының Қазақстанға кіруі бұрыннан қол жетімді жоғары өнімді техникаға мұқтаж болған барлық отандық аграрлық қызметкерлер үшін маңызды оқиға болып табылады.

Пандемияның қазіргі жағдайын ескере отырып, Келісімге қол қою бейнебайланыс арқылы жүзеге асырылды. Министрліктің атынан құжатқа вице-министр Аманияз Ержанов, Германия тарапынан Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша өңірлік директор Др. Нильс Ройч бұрыштама қойды.

CLAAS зауыты Солтүстік Қазақстан облысында орналасады. Мамандандырылған жабдықты орнату мен техникалық қызметкерлерді дайындауды қоса алғанда, бірінші кезеңде TUCANO комбайнының өндірісі жолға қойылады.

Жоба Қазақстандағы CLAAS ресми өкілі "СТ-Агро" компаниясымен бірлесіп іске асырылады. Облыс экономикасына салынған инвестицияның көлемі шамамен 3,4 млрд. теңгені құрайды, қаржыландыру көзі CLAAS компаниясының меншікті қаражаты болып табылады. Бастапқы кезеңде 200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

"Біз, CLAAS компаниясының атынан Қазақстан Үкіметіне, Германиядағы елдің елшілігіне ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы жоспарланған екі жақты жобаны іске асыруға дипломатиялық қолдау көрсеткені үшін өз ризашылығымызды білдіреміз. Біз Қазақстан Республикасында үлкен әлеуетті көріп отырмыз, сондықтан ұзақ мерзімді, табысты және өзара тиімді ынтымақтастық құруды жоспарлап отырмыз", деп атап өтті Др. Нильс Ройч.

Келісімнің аясында компания компоненттерді оқшаулауды кезең-кезеңмен ұлғайтады, сондай-ақ өндірісті одан әрі дамыту үшін кадрларды техникалық даярлаумен айналысады.

Жобалық қуаттылыққа шыққан кезде кәсіпорын жылына 200 бірлікке дейін ауыл шаруашылығы техникасын (комбайндар, тракторлар және егіс кешендері) шығаратын болады, бұл ҚР машина-трактор паркін жаңарту бойынша жағдайды сапалы түрде жақсартады.

CLAAS-тың Қазақстан аумағында PÖTTINGER, LOVOL, BUHLER, "Ростсельмаш", "Петербург трактор зауыты", "МТЗ", "Гомсельмаш" және басқалары сияқты өндірісті әлемге әйгілі ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілердің тізіміне енуі фермерлердің барлық қажеттіліктерін жаба отырып, импортты алмастыру жөніндегі елдің бағдарламасына толық сәйкес келеді.

Айта кететін жайт, бұл жұмыс Қазақстанның АӨК дамыту бөлігінде мемлекеттің тексерілген индустриялық саясатының есебінен жүргізілді.