• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Руханият 30 Тамыз, 2020

Абайдың оқыған алғашқы мектебі қайда?

1018 рет
көрсетілді

Жидебайдың іргесіндегі Найзатаста ескі там бар көрінеді. Жай там емес, Абай, Тәкежан, Құдайберген, Оспан, Ысқақтар білім алған мектептің орны, деп жазады Egemen.kz

Найзатастағы тамды Құнанбай өз заманында қыстақ ретінде салдырған екен. Уфадан, Бұқарадан оқу-құралдарын алғызып, балалар қыстай ноғай мұғалімнен білім алған. Сонда балаларына шыбық артық тиіп кетпесін десе керек, Зере әжелері мектепте меңгеруші болып жұмыс істепті.

Бұл туралы Шығыс Қазақстанға мемлекеттік хатшы бастаған делегацияның өкілі ретінде келген белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет айтты.

– Ескі тамның орнын "Абай алғаш сауатын ашқан жер" деп қайта қалпына келтірсе дұрыс болар еді. Шәкәрім жатқан құдықты да тарихи нысанға айналдырып, туристердің назарын бұрсақ, – дейді Ұлықбек Есдәулет.

Әрине, орынды ұсынысты мемлекет басшылары қолдай жатар. Құнанбай әулетінің мәңгілік мекені, шежірелі Ақшоқыны да кеше ғана көлденең мәселе етіп көтерген еді, көп ұзамай тарихи жерге айналды. Қараусыз қалған Қасқа бұлаққа да бүгін өткен-кеткендер арнайы тоқтап зәм-зәм суынан дәм татады, тасқа қашалған ұлы Абайдың ғибратты сөздерін оқиды. Ертең-ақ "Абайдың алғашқы мектебін көреміз" деушілер Найзатасқа ағылып бара жатар.

 

Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ,

Шығыс Қазақстан облысы