• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Парламент 30 Тамыз, 2020

Динара Нүкетаева қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

257 рет
көрсетілді

1995 жылғы бүкілхалықтық референдумда азаматтарымыз өздерінің еркін таңдауын жасап, жаңа Конституцияның қабылдануына дауыс берген болатын.

Жаңа Конституция қабылдау туралы бастаманы ең алдымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерді. Конституция жобасы ауқымды талқылаулардан өтті. Оларға білікті заңгерлер қатысып, комиссия құрылып, жергілікті жерлерде халықтық талқылаулар өтіп, басылымдарда жарияланып, көптеген өзгеріс пен толықтыру енгізілген болатын.

Әрине, мемлекет бір орнында тұра бермейді. Осыған орай негізгі құқықтық құжат та өзгеріп отыруы мүмкін. Біздің Ата заңымызда осы жылдар ішінде бірқатар маңызды өзгерістермен толықты.

Мысалы, қазіргі пандемия кезінде де экономика, әлеуметтік жағдайға байланысты үлкен өзгерістер туындап жатыр. Әлі де болса, конституциялық заңдарға, заңдарға өзгерістер енгізіледі деп ойлаймын. Қазір әлемдік экономика құлдырау кезінде, жалпы ішкі өнім төмендеуде, сондықтан билік тармақтары тарапынан заңдарға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындауы мүмкін. Себебі қазіргі таңда экономиканы тұрақтандыру шараларын қабылдау үшін, әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған топтарға, мүгедектерге, жастарға қолдау көрсету үшін құқықтық базаны нығайту маңызды.

Міне, осы тұрғыдан алғанда Ата заңымыздың және оған сүйене отырып қабылданатын заңдардың қоғам өміріндегі маңызы зор екенін айқын түсінеміз.