• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 30 Тамыз, 2020

Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

169 рет
көрсетілді

Ертең теннистен "Үлкен Дулыға" турнирлерінің бірі – әйгілі US Open турнирі басталады. Жарысқа түсетін спортшылар қатарында қазақстандықтар да бар. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Юлия Путинцеваның алғашқы айналымдағы қарсыласы – америкалық Робин Мантгомери. Тағы бір отандасымыз Елена Рыбакина бірінші кезеңде украиналық Катарина Завацкаяға қарсы ойнайды.  Екі кездесу де 1 қыркүйекке жоспарланған. Ал Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің алғашқы айналымдағы кездесуі 31 тамызда өтеді.