• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2020

Елдегі тәртіпсіздікті тек күштеп тоқтатуға болады - Трамп

216 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттарында үшінші ай бойы бас тартпайтын тәртіпсіздіктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мемлекет басшысының айтуынша, демократтар басқаратын қалаларда зорлық-зомбылықты тек күштеп тоқтатуға болады.

"Қылмыс деңгейі жоғары, зорлық-зомбылық пен жаппай тәртіпсіздікі белең алған, демократтар билеп отырған қалаларды тәртіпке келтірудің жалғыз жолы-бұл күш!", деп жазды американдық көшбасшы Twitter-де.

Бұған дейін Трамп американдық Портлендтегі тәртіпсіздіктер аясында қала әкімі Тед Уиллерді демонстранттардың әрекеттеріне тосқауыл қойып, қалаға Ұлттық гвардияны кіргізуді тапсырып еді.