Қала ішіндегі және іргелес елді мекендерге қатынайтын автобустар жолаушылар игілігінде. Бұл туралы Хабар 24-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Олардың жұмыс күні кешкі 11-ге дейін созылды. Қоғамдық көлікке бетпердемен міну міндеттелген. Әрі ол қатаң қадағаланады. Сенбі, жексенбі күндері қалада автобустар карантиндік шектеулерге қатысты жүрген жоқ. Автопарктер санитарлық сақтық шараларына мән берді. Дүйсенбі яғни бүгін демалыс болса да, жергілікті билік қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салған жоқ.