• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 31 Тамыз, 2020

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім табылды

209 рет
көрсетілді

Шымкентте үйінен шығып, хабарсыз кеткен жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, туыстарына қайтарды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

28 тамыз күні Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын жасөспірім баласының сағат 16:00 шамасында белгісіз бағытқа үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы арызданған. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде 29 тамызда сағат 7:30 шамасында жасөспірім табылып, туыстарына қайтарылды. Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларының жедел жұмысы үшін алғыс білдірді.