• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

Сақтансаң – сақтайды

307 рет
көрсетілді

Еліміздегі балаларға вакцина егудің ұлттық күнтізбесі – ТМД-да үздіктер қатарында

Таяуда Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау реформасы: ұлт денсаулығын қорғау жолында» атты халықаралық конференция өтті. Оны республика Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен Америка сауда палатасының Қазақ­стандағы Инк. (AmCham) өкілдігі ұйымдастырды.

Еліміздегі балаларға вакцина егудің ұлттық күнтізбесі – ТМД-да үздіктер қатарында

Таяуда Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау реформасы: ұлт денсаулығын қорғау жолында» атты халықаралық конференция өтті. Оны республика Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен Америка сауда палатасының Қазақ­стандағы Инк. (AmCham) өкілдігі ұйымдастырды.Алқалы отырысқа денсаулық сақтауды дамытудың мәселелерін, бастапқы медициналық көмек көрсетудің әдістерін және тағы басқа маңызды тақырыптарды талқылап, тәжірибе алмасу үшін алыс-жақыннан сарапшылар шақы­­рылды. Кездесуге қатысушылар түрлі елдердегі денсаулық сақтаудың тәжірибесі және Қазақстандағы реформа туралы жан-жақты айта келіп вакцина егудің көмегімен аурулардың алдын алу мәселесін қозғап ой-пікір бөлісті.

Назарбаев Университеті Өмір ғылымы туралы орталығы транс­ляциялық медицина, сапалы ұзақ өмір сүру және жаһандық денсаулық департаментінің директоры, профессор Талғат Нұрғожин вакцина егу бүкіл адамзат үшін аса маңызды стратегия екендігін атап көрсетті. Вакцина егудің арқасында әлемде сандаған жанның ғұмыры сақталып, өмір жасы ұзарды.

– Жұқпалы аурулар ошағының алдын алуда вакцина егудің рөлі өте зор, әрі баға жетпес – деп одан әрі сөзін былай түйіндеді. – Сондықтан да Қазақстанда сақтандыру бағдарламасы жасалды. Ол жыл сайын мыңдаған адамның өміріне араша түсіп, қаншама отбасына қуаныш сыйлауда. Шынында да, қандай да бір кез келген жұқпалы аурудың таралып кетуі бақылауға алуға қиын соғатыны белгілі. Міне, содан да болар жұқпалы ауруды жұқтырған жанды кеселден құтқару оңай шаруа емес. Оның түйткілін шешу қоғамды алаңдататын мәселе. Жұқпалы аурудың салдарынан науқастанғанның азабын ауызбен айту өте ауыр. Ал оны емдеу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Мұндай сырқат түрлі індеттің таралып кетуіне жол ашады. Оны болдырмау тек алдын алу вакцинасы екендігінде талас жоқ. Жұқпалы ауруды ауыздықтауға арналған тиімді құрал ретінде талай рет тиімділігін көрсетті. Дәрі егу нәтижесінде қауіпті аурулардың тамырына балта шабылып, сауығып кетуге себепші болды.  

«Қазақстан Республикасында қазіргі таңда қолданыстағы егудің ұлттық күнтізбесі Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жә­не халықаралық тәжірибенің ұсынымымен, сондай-ақ «Саламат­ты Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша түзілді», дейді Талғат Нұрғожин. Еліміздегі вакцина егудің ұлттық күнтізбесі өзінің құрамы бойынша дамыған елдердің ұлттық сақтандыру бағдарламаларына барынша жақындатылған. Егудің күнтізбесіне сәйкес, Қазақстан қазіргі кез­де заманауи вакциналарды пайдаланады. Өйткені, оның құрамында антигендердің саны аз, және де көптеген аурудан сенімді қорғайды. Бұл сипаттаманы, Иркутск мемлекеттік медицина университеті (Ресей) балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Светлана Ильина да нақты дәлелмен дәйектеп атап көрсетті. Оның айтуынша, ҚР-дағы егу күнтізбесі ТМД кеңістігіндегі ең үздіктердің бірі, бұл жоғары санитарлық мәдениеттің көрсеткіші болып табылады. Ресей ғалымының мәліметтерінше, Қазақстандағы егу күнтізбесі жекелеген өлшемдері жағынан Ресейден әлдеқайда жоғары екен. Ол қазақстандық тәжірибеге тәнті болғандығын жасырмады. Мәселен, дәрі егу күнтізбесі жасушасыз көкжөтел вакцинасын енгізеді, сондай-ақ 13-валентті ПКВ13 пнев­мониялық көкжөтелден қор­ғайтынымен ерекшеленеді. Мұндай препарат Ресейде әзірге кейбір өңірлерде ғана біртіндеп енгізілген.

Қазақстан 2009 жылы егудің ұлттық күнтізбесіне ПКВ13 пнев­мониялық көкжөтелден қор­ғайтын 13-валентті вакцинаны енгізіп, дәл осындай таңдау жасаған әлемдегі 60 дамушы елдің қатарына кірді. Қазір кейбір ата-аналар антибиотиктердің көмегіне сүйеніп қауіпті жұқпалы аурудан пайда болатын пневмониялық көкжөтелден бас тартатыны әрине өкінішті. Антибиотиктерді белсенді түрде қолданудың салдарынан әлемде жыл сайын 5 жасқа дейінгі миллионнан астам бала пневмониялық көкжөтелден шетінейді. Бұл әсіресе, пневмониялық көкжөтел инфекциясының ең қауіпті түрі менингит болып табылатыны анықталып отыр. Аталған кеселмен ауырғандардың 60%-қа жуығы мүгедек болып қалады екен.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минис­тр­­­­­лігі Мемлекеттік са­­­ни­­­тарлық-эпидемиологиялық қа­дағалау комитетінің бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева пневмокок инфекциясына қарсы балаларға вакцина егудің нақты нәтижелері туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, 2010 жылы алғаш рет пневмониялық көкжөтелді емдеуге 13-валентті вак­цинаны Шы­ғыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының дәрігерлері қолданды. Сөйтіп, қазақстандық мамандар оның тиімділігін дұрыс бағалады. Вакцина егудің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1 жасқа дейінгі балалардың арасында пневмониямен ауыратындар 46%-ға, ал Маңғыстау облысында 49,6%-ға төмендеді.

Бүгінгі таңда ғалымдарға пнев­мониялық көкжөтелдің 93 нұсқасы мәлім. Олар іріңді менингиттің бактерияға және сепсиске айналып кетуіне түрткі болып, ауруды одан әрі өршітеді. Міне, сондықтан да аталмыш кеселді түбегейлі зерттеуге айрықша назар аударылуда. Беер-Шева университеті (Израиль) бактериялық инфекцияларды зерделеу орталығының жетекшісі Рон Даган бұрын Израильде 7-валентті ПКВ7 вакцинасы пайдаланылған. Ол пневмониялық көкжөтелдің бар болғаны 50-60%-ын қамтыпты. Израиль ғалымы ПКВ7 преператын қолдану кезінде оның тиімділігі есебінен серотиптердің айналымы жойылғандығын атап көрсетті. Вакцина құрамында 19А серотипінің таралуы ұлғайып, антибиотиктерге қарсы төзімділігі жағынан жоғары болады және жұқпалы аурудың қатты түрлерін туындатады. Сондықтан да, осындай қауіпті бактерия, пнев­мониялық көкжөтелдің таралуын зерттеуге израильдік дәрігерлер ауқымды спектрлі вакцинаны қолдануға шешім қабылдаған еді. Және де 2010 жылы ПКВ13 препаратына көшіп, қазір ол қауіпті серотиптердің 90%-ға жуығын қамтиды. Осыған байланысты Рон Даган Қазақстандағы вакцина егу күнтізбесінің сапалы екендігін атап көрсетті. Оны заманауи әрі денсаулық сақтау саласындағы озық технология ретінде бағалады.

Израильдік ғалым ПКВ13 препараты екі айлық жастан бастап пневмониялық көкжөтелдің жұқпалы кеселінен балаларды қорғаудың мүмкіндігі зор екендігіне баса назар аударды. Сондықтан да 13-валентті вакцина АҚШ-та, Ұлыбританияда, Австралияда және басқа мемлекеттерде егудің күнтізбесіне енгізілген.

Бастапқы медициналық-сани­тарлық көмек туралы әңгімені Іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева Қазақстанда вакцина егудің көмегімен 40 шақты жұқпалы аурудың туындауының және таралуының дер кезінде алдын алғандығы туралы тілге тиек етті. Мысал ретінде ол сіреспеге шалдыққан 100 мың жанның 30 мыңы өліммен аяқталатындығы жөнінде ескертіп өтті. Немесе пневмониялық көкжөтел инфекция тек пневмонияны ғана туындатпайды, сондай-ақ пневмониялық көкжөтел сепсисінің және пневмониялық көкжөтел ме­­­нин­гитінің артуына әкеліп соғады. Соның салдарынан өлім саны көбейе түседі.

Түрлі елдерде егудің ұлттық күнтізбесіне пнев­мониялық көкжөтел вакцинасын енгізу тұтастай алғанда қоғамда едәуір нәтижесін берді. Жұқпалы аурумен ауыратын ересек адамдардың және балалардың көрсеткіші төмендеп отыр. Бұл деген елімізде денсаулық сақтау саласында істеліп жатқан, атқарылу үстіндегі жұмыстың бір парасы ғана. Жалпы алғанда сақтанғанға не жетсін, кез келген кеселдің алдын алып, дер кезінде емдеу шараларын жүргізсе ғана оңды нәтижелерге жетуіміз күмәнсіз. Дәрі егудің тиімділігі міне, осында жатыр.

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар