• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қыркүйек, 2020

Каспий теңізінде жер сілкінді

803 рет
көрсетілді

31 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:35-те Каспий теңізінің Түрікменстан жағалауында 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Egemen.kz Еуропалық Жерорта теңізінің сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, жер сілкінісінің кіндігі 8 шақырым тереңдікте болып, ошағы Түрікменбашыдан 114 шақырым жерде өткен. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.