Премьер-Министр орындығына Мұстафа Адиб отырды. Оған алдағы жаңа үкіметтің құрамын тағайындау пәрмені берілді. Бұған дейін ол Германиядағы Ливанның елшігінде қызмет істеді. Соған орай үкіметтің 128 депутатынан 90-ны дауыс беріп, қолдау көрсетті.
Еске сала кетейік, Ливанның Бейрут портындағы жойқын жарылыстан кейін, үкімет отставкаға кеткен еді. Жарылыстан 200-ге жуық адам қаза тауып, оның 6,5 мыңы жараланған.