• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Медицина 01 Қыркүйек, 2020

Қ.Тоқаев: Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді

226 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналғанын баса айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Президенттің айтуынша, Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білген.

"Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткізіп жатыр. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы азаматтарда еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жариялады", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.