ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін барлық республикалық жолдарды қайта жаңартуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
"2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды жөндеу және жол сервисімен қамтамасыз ету міндеті тұр. Оның ішінде барлық республикалық жолдар бар", дейді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Сонымен қатар, Президент мемлекеттік аппаратты қысқартуды жеделдету керектігін назарға алды. Оны биыл 10 пайызға, ал келесі жылы тағы 15 пайызға азайтуды тапсырды.