• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қыркүйек, 2020

Бір айға жуық із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім табылды

918 рет
көрсетілді

Алматы облысының полицейлері бір ай бұрын із-түссіз жоғалған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды Egemen.kz

1 тамызда Талдықорған қаласы ПБ Шығыс бөлімшесіне облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны хабырласып, 18 шілде күні 15 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайта оралмағанына арызданған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 27 тамыз күні тәртіп сақшылары іздеу жарияланған жасөспірімді тауып, анасына табыстады.

Ата-анасының тарапынан сын айтылған соң, оларға өз тәуелсіздігін дәлелдеу мақсатында жеткіншектің үйден кеткені белгілі болды. Талдықорған қаласы полицейлерінің күш-жігерінің арқасында жоғалған баланың мекенжайы анықталды. Жасөспірімнің анасы ұлын аман-есен тауып берген полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтты.

Жасөспірімнің айтуынша, осы уақыт ішінде ол жалдамалы пәтерлерде және достары мен таныстарының үйінде тұрып, кездейсоқ табыс табумен өмір сүрген. Осыған орай кәмелетке толмаған бала қаңғыбастыққа бейім адам ретінде есепке алынды, ал анасына тиісті ескерту жасау туралы шешім шығарылды.