• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Қыркүйек, 2020

Педагог мәртебесі өсіп келеді

366 рет
көрсетілді

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің азаматтары үшін тарихи оқиға. Үндеу барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте жоғары оқу орындарының ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамын бейжай қалдырмайды. Өйткені, бұл әлемдегі өзгерістердің көбі білім қызметкерлеріне байланысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл Жолдауы өзінің нақтылығымен және мақсаттылығымен елдің алдағы жылдарға арналған даму бағытының негізгі векторларын айқындайды.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жыл­ғы 1 қыр­күйектегі халық­қа Жол­дауында ел мен қоғам­ның одан әрі дамуы­ның пайымы баяндалып, қазақ­стан­дықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық мін­деттер белгіленген. Бұл нақ­ты практикалық істер бағ­дарламасы, сөзсіз барлық қа­зақстандықтарға, ең алдымен зиялы қауымның ал­дыңғы қатарлы бөлігі – ғалымдар мен педагогтерге қатысты.

Қ.Тоқаев Жолдауының бір бағыты мемлекет да­муының негізі болып саналатын білім мен ғылым мәселелеріне арналғаны қуан­тады. Осылайша, Пре­зидент жыл сайын Қазақ­стан ғалымдарына әлем­нің жетекші ғылыми орта­лықтарында ғылыми тағы­лымдамадан өтуді, сондай-ақ «Жас ғалым» бағдарламасы аясында жас ғалымдарға 1 мың грант бөлуді ұсынды.

Мемлекет басшысы педа­гогтерді әлеуметтік қол­дау мәселесіне ерекше назар аударды. Бүгінде бұл көтерілген мәселенің жай ғана сөз емес, іс жүзінде жү­зеге асып жатқандығының куәгеріміз. Мәселен, өт­кен жылы Мемлекет бас­шысы Үкіметке педагог мәр­тебесін және мұға­лім­дердің жала­қы­сын арт­тыруды, отан­дық ғалым­дар­ға ерекше назар аударуды, білім беру са­ласын жан-жақты қол­дау­ды тапсырған болатын. «Пе­дагог мәртебесі ту­ра­лы» заң қа­былданды, білім бе­ру грант­тарының саны едәуір өсті, демек, пе­дагог­тер­дің қоғам алдын­дағы жауап­кершілігі артты. Білім берудің әлеуетін арттыру, оның ішінде алдағы уа­қытта оқытушылардың жала­қысын өсіру мәселесі де жоспарлануда. Педа­гог қызметкерлердің жала­қысын көтеру және оларға деген мемлекеттің ерекше назары білім сапасына оң әсер етері сөзсіз.

Жоғары білім беру сала­сының алдында кәсіби кадр­ларды даярлау тұрғысынан мемлекеттің үмітін ақтау мін­деті тұр. Яғни, жасампаз шығармашылық кәсіби ма­мандарды дайындап, ел игілігіне қызмет істеуге жұ­­мыл­дыру. Академиялық қа­уымдастықтың ендігі ісі – қа­зақстандық білімді білім берудегі әлемдік көшбас­шы­лардың деңгейіне шы­ғару.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды уни­вер­ситетінің ұжымы Прези­денттің бастамаларын толы­ғымен қолдайды және біздің ортақ болашағымыз бен ортақ тағдырымыз үшін осы бастамаларды жан-жақты насихаттауға, оларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға ықпал ететін болады.

 

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ басқарма төрағасы-ректоры,

ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор

 

ҚАРАҒАНДЫ