• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2020

Алаяқтың арбауы

287 рет
көрсетілді

Таяуда Көкшетау қалалық полиция басқармасына 39 жастағы қала тұрғынынан шағым түсті. Онда ол әлдебір алаяқтың құрбаны болғандығын хабарлаған. 

Шетін оқиға былайша өрбіген екен. Жәбірленушінің айтуына қарағанда, жарнамалық интернет сайты арқылы жиһаз жасаушыны іздеген екен. Тапса, қажетті жиһазға тапсырыс бермек. Іле жеткен белгісіз біреу әлгі жиһазды жасап бермекші болып алдын-ала төлемақы ретінде 100 мың теңге талап етеді. Келісім шарт жасалып, ақшасын төлейді.  

Сөйтсе ол жарнамалық интернет сайттағы хабарларды қалт жібермей, аңдып отырған алаяқ болып шықты. Нәтижесінде ақша да жоқ, жиһаз да жоқ. Іле жедел іздестіру іс-шаралар нәтижесінде аңқауды алдаған 34 жастағы қала тұрғыны анықталды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтың арбауына түсіп қалмаңыздар.