• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қыркүйек, 2020

Қайыршыны да қадағалаған жөн

442 рет
көрсетілді

Ақмола облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарға қайыр сұраған 640 адам жауапкершілікке тартылды.

Заң бойынша қоғамдық орындарда қайыр сұрау қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады. Мұндай әрекеті үшін ескерту немесе бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Осы бір жай ерекше бақылауда. Олай болатындығы, алақан жайып, тіленшілікті кәсіп етушілер халық көп жиналатын жерде жиі көрініс береді. Әсіресе, базар маңында, мешіттер мен шіркеулердің кіре берісінде көп отырады. Жыл басынан бері жүздеген тіленші жауапқа тартылды. Сөз арасында мұндай құқық бұзушыларға әуелі ауызша ескерту жасалатындығын айта кетелік.

Полиция қызметкерлерінің айтуына қарағанда, қайыршының көбі көрші елдердің азаматтары екен. Олардың арасында көші-қон заңын бұзатындар да аз емес. Әдетте кейбір адамдар куәгер болудан немесе қайыршылық фактісін растаудан бас тартады. Сондықтан, полицияға дәлел жинау қиын.  

Әрине, жетіскеннен емес, бірақ, қайыршысы жоқ ел болғанға не жетсін?!