Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қыркүйек
№ 396
Айта кетейік, Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті "инженер-жүйе технигі" мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастады, Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, ҚР Әділет министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазпошта" АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды. ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болды.