• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қыркүйек, 2020

Әл-Фараби университеті: Жолдау – жүргізіліп жатқан реформаларға серпін береді

145 рет
көрсетілді

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы талқыланды, ол реформалардың негізгі векторларын және қазіргі жағдайда елдің одан әрі қарышты әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын айқындайды.

Мемлекет басшысының маңызды және нақты тапсырмалары, ең алдымен, дағдарысқа қарсы және дағдарыстан кейінгі шараларды іске асыруға және халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға бағытталған. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Жолдауда Президент экономиканы одан әрі әртараптандыруға, бәсекелестікті арттыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, пандемияның қиын кезеңінде халыққа қажетті қуатты әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударғанын атап өтті.

Ол білім, ғылым және денсаулық сақтау саласын қолдау арқылы адами капиталдың сапалы өсуі Президенттің жіті назарында екенін атап өтті. Пандемияның таралуы жағдайында білім беру жүйесінің алдына маңызды міндеттер қойылуда. Президент үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді, оқытудың балама нұсқаларын белсенді енгізуді және кәсіби дағдыларды сертификаттауды, жоғары оқу орындарының мамандарды даярлау сапасына жауапкершілігін арттыруды тапсырды. ҚазҰУ басшысы осыған байланысты университет тарапынан құрылған moocs.kz ашық білім беру платформасын халықаралық бәсекеге қабілеттісапалы әрі жаңа деңгейге көтеру міндеті тұрғанын алға тартты.

Президент атап өткендей, кәсіптік білім беруде кәсіпкерлердің жаңа буынын дайындауға басымдық беру қажет. Сондықтан «кәсіпкерлік негіздері» пәні білім берудің барлық деңгейлерінде – мектептерден жоғары оқу орындарына дейін оқытылуы тиіс. Бүгінде ҚазҰУ-да 20-дан астам студенттік бизнес-инкубатор жұмыс істейді, онда 75 студенттік стартаптар мен инновациялық жобалар іске асырылуда. Оқу траекториясы университет бітіргеннен кейін түлектер жұмыс іздемей-ақ, шағын инновациялық кәсіпорындар ашу арқылы өздері жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Жолдауда денсаулық сақтау басым сала ретіндеайқындалған. Коронавирустық пандемия медицинадағы жүйелі мәселелерді, оның ішінде кәсіби кадрлардың тапшылығын анықтады. Қасым-Жомарт Кемелұлы ұзақ мерзімді болжам негізінде медициналық мекемелер үшін кадрлар даярлауды қамтамасыз етуді тапсырды. Айта кету керек, ҚазҰУ осы бағытта белсенді жұмыс атқаруда және жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте классикалық университет негізінде алғаш рет құрылған медицина факультетінде мамандар даярлауды жүзеге асыруда.

Ғылыми кеңестің онлайн-отырысында сөз сөйлеген оқытушылар мен ғалымдар Президентті қолдай отырып, Жолдау – жүргізіліп жатқан реформаларға қуатты серпін беретін уақтылы және мұқият зерделенген стратегия екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынған кешенді шараларды іске асыру қазіргі кезеңде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алуға мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚазҰУ-дың ғылыми кеңесінде Жолдауды жүзеге асыру бойынша кешенді жол картасы қабылданды. Ол Президенттің тапсырмаларын орындауды, оның ішінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін нақты секторға енгізу, «жасыл» экономика мен IT саласын дамыту, пандемия жағдайында сапалы білім беруді қамтамасыз ету және білім алушыларда жоғары кәсіби құзыреттерді қалыптастыру, студенттер мен оқытушыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындауды көздейді.