• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2013

Қазақ әндері Мәскеуде шырқалады

280 рет
көрсетілді

Қазақ әндерінің ұлттық байқауы «Алтын күз-2013» Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық сайты. 2 қараша күні алғашқы кастинг болады. Онда әрбір қатысушы екі ән орындауы шарт.

Үміткер әннің біреуін қазақ тілінде, ал екіншісін өзі қалаған тілде айта алады. Ән сайысы үш кезеңнен тұрады. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша 12 үміткер анықталады. Олар 16 қараша күні финалға шығып, өзара бақ сынасады. «Алтын күз -2013» соңы ресейлік және қазақстандық өнер жұлдыздарының гала-концертімен аяқталмақ.

«Байқау жүздеген талантты жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, олардың отанға, музыкаға, поэзияға деген ыстық сезімдерін ән арқылы бейнелеуге мүмкіндік береді. Бұл шара жас таланттарды шығаруды, оларға қолдау көрсетіп және өз-өздерін дамытуға септігін тигізуді мақсат етеді», дейді ұйымдастырушылар. Ән жарысын Мәскеудегі қазақ­стандық студенттердің «Ата­мекен» бірлестігі Ресейдегі Қазақ­стандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

«Егемен-ақпарат».          

Соңғы жаңалықтар