Қазақстанда 2020 жылғы жеті ай аралығында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталды. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстанда 2020 жылғы жеті ай аралығында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталды. Сонымен қатар аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмеді», - деп мәлімдеді ҚР ҰБ қолма-қол ақша айналымы департаментінің банкноттарды және монеталарды сараптау басқармасының бастығы Асхат Әбішев. Ұлттық банктің өкілі атап өткендей, жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9 % - ға төмендеді (өткен жылғы көрсеткіш - 718 банкнот және 6 монета).
Жалған банкноттардың басым бөлігі Алматы қаласында анықталды - 243 жалған банкноты (63,78%). Бұл ретте, көбінесе Қазақстанда 2020 жылы номиналы 2 мың (41,47 %) және 5 мың теңгелік (31,5%) банкноталар қолдан жасалған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен монеталарын өткізу мақсатында дайындау немесе сақтау, мүлкін тәркілеумен немесе онсыз 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуымен жазаланады.