• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Қыркүйек, 2020

Автоұры жүргізушінің көзінше барсеткасын ұрлап кеткен

137 рет
көрсетілді

Ер адам тұрғын үй кешенінің автокөлік тұрағында болып, ашық тұрған автокөлікті көріп автокөлік салонының алдыңғы орындығында тұрған барсетканы жымқырған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Бұл уақытта машинаның иесі артқы орындықта ұйықтап жатқан, ол ұрыны тоқтатуға тырысқан, алайда ол ішінде құжаттар мен банк картасы болған сөмкені іліп алып, қылмыс жасалған орыннан қашып кеткен. Жәбірленуші берден "102" арнасына жүгінген.

Ауданды пысықтау барысында бейнекамерадан сипатталған белгілері бойынша ұқсас ер адам байқалған. Патрульдік полицейлер қылмыстың ізі суымастан ұрыны салынып жатқан құрылыс нысанынан ұстап алған. Полициядан жасырына отырып, оны таба алмай қалады деген үмітпен жас жігіт құрылысшылардың будкасына қарай жүгірген. Алайда ол ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілген.

Ұсталған адам 29 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шыққан. Оны бір айдың көлемінде жедел қызметкерлер велосипед ұрлығын жасағаны үшін ұстаған.   

Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша  ("тонау") сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.