• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтан әуежайына айыппұл салынды

368 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан әуежайына карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша 1600 АЕК - 4 444 800 теңге мөлшерінде әкімшілік жаза қолданылды, бірақ Нұр-Сұлтан әуе айлағының қысқартылған өндірісі аясында 2,2 миллион теңге айыппұл төленді", - деді Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, мұндай жаза қолдануға елорда әуежайында карантин шараларының сақталмауы себеп болған. Әуежайда келген және кететін жолаушылар үшін жеке дәліздер ұйымдастырылмаған, рейске тіркелу және отырғызу кезінде жолаушылар арасында әлеуметтік қашық сақталмаған, терминалда дезинфекциялық кілемшелер орнатылмаған, перрондық автобустың жүргізушілерінде қолғап болмаған және қызметкерлер маскалар тақпаған.