Акция "Birgemiz" жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
MAGNUM супермаркеттер желісі қайырымдылық акциясына қатысып, волонтерларға 25-тен астам эко-сөмкені тамақпен қамтамасыз етті.
Жинаққа бірнеше килограмм түрлі азық-түлік, шай, күнбағыс майы және тазартқыш құралдар кіреді. елорда волонтерлары @magnum.kz қолдауымен қаланың жалғызбасты қарт тұрғындарына азық-түлік жеткізді.
Айта кетейік, шара Birgemiz жалпыұлттық жобасының Qamqor бағыты бойынша жүзеге асты.