Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.
Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.