Кәрі құрлықта коронавирусты жұқтырғандардың саны өрши түсуде. Шекаралар қайта жабылып жатыр. Дәл наурыз айындағы қойылымның қайталанбасына кім кепіл? Сондықтан Еуропа Еуроодаққа мүше елдерден келетін туристерге шектеу қоя бастады, деп хабарлайды Egemen.kz
ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Германия визасыз Шенген аймағындағы тұтастықты сақтап, өткен жолғы қойылымның қайталануына жол бергісі жоқ. Сондықтан, ЕО-ға мүше елдердің кейбірі өздерінің шекараларын жабуды бастады.
Мәселен, Венгрия осы сейсенбіден бастап, барлық шетел азаматтарына елге кіруге тыйым салса, Дания сәуір айында-ақ басқа елдің туристеріне шектеу қойды. Осы қатарға Финляндия, Испания мен Францияны кіргізуге болады.
Бірқатар ел ЕО-да міндетті карантин режімінің енгізілмегеніне және тестілеуге қатысты нақтылықтың жоқтығына наразы. Дегенмен, Еуроодаққа мүше әрбір ел өзі шешім қабылдайды.
Бұл жағдайда Германия шекараны ашудағы талпынысы – сарапшылардың қызу талқысында жүр.
"Еуроодаққа мүше елдің азаматтары басқа елде тұруға құқығы бар және сол жағдайды елмейтін мемлекеттер де бар. "Шенген шекарасы кодексінде" нақты ережелер бекітілген. Айтылған заңдылықтардың қарама-қайшылығында ғана Үкімет арнайы шешім шығара алады", дейді Еуропалық саясатты зерттеу орталығының өкілі Серджио Каррера.