• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 03 Қыркүйек, 2020

Өңірлерде Ұлттық қолөнер орталықтары ашылады

451 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг аясында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спорттың дамуына ерекше назар аударды. Қаржы тапшылығы жағдайында, кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ екендігі атап өтілді. Өңірлерде спорт секцияларын ашуға және балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріліп отыр. 

«Бұл мәселені шешу үшін 2020 - 2025 жылдарға арналған дене шынықтыруды және бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары аясында іс-шаралар жүзеге асырылатын болады, онда білім беру ұйымдарында тегін спорт секцияларын ашу, мектеп оқушылары мен студенттердің спорттық лигаларын құру, мектептерді спорттық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету қамтылады», — деді Н. Дәуешов.

Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 5 млн астам адам айналысады, бұл ел халқының 30,6%-ын құрайды.  Кешенді жоспарға сай бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 7,5 млн адамға дейін немесе 45% жеткізу көзделген. Жалпы, вице-министрдің айтуынша, бүгінде елімізде дені сау ұрпақ қалыптастыру мақсатымен балалар мен жасөспірімдер үшін жағдай жасалып келеді. Мысалы, 2019 жылы 11 жаңа балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды. Елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған 477 спорт мектебінде 350 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спорт түрлерімен шұғылданады. Бұл ретте аталған спорт мектептеріндегі секциялар тегін өткізіледі. Мемлекет басшысы балалар энергиясын дұрыс арнаға бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл үшін балалар мен жастардың шығармашылық әлеуеті мақсатында өңірлерде ұлттық қолөнер орталықтарын ашу жоспарлануда, онда жас ұрпақ өкілдері шығармашылық және қолөнер негіздерін меңгеретін болады.

«Бүгінгі таңда осындай кешендердің бірі Жамбыл облысындағы «Шахрестан» орталығы болып табылады. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті кешенінің базасында қолөнер орталығын ашу жоспарлануда. Осы орталықтардың жұмыс істеу тәжірибесін зерделегеннен кейін ел өңірлерінде қолөнер орталықтарының желісін кеңейту бойынша одан әрі жұмыс жүргізілетін болады», — деді Н. Дәуешов.

Балаларды шығармашылыққа жаппай тартудың осындай қағидаты бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі мәдениет ұйымдарында шығармашылық үйірмелер құруға бастамашылық жасалады. Бұл балаларды дамыту мақсатында бос уақыттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, талантты балаларды ерте кезеңде анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, мәдениет және өнер ұйымдарында ересектермен белсенді өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар іске асырылады. Осы мақсаттар үшін ең алдымен Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет ұйымдарына осындай құқық беру жөніндегі қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық етуді жоспарлауда.

Сондай-ақ, Жолдауда мұғалімдердің әл-ауқатын арттыруға және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 25%-ға арттыруға назар аударылды. Бұл бағытта Мәдениет және спорт министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Мәселен, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға дейін жыл сайын 25%-ға ұлғаятын болады. Бүгінде ҚР Парламент Мәжілісінде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заң жобасы қарастырылып жатыр. Құжаттың аясында мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтарына сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы енгізу мәселесі пысықталуда.

«Мемлекет басшысының Жолдауында аталып өткен стратегиялық бағдарларды сапалы және уақытылы орындау үшін министрлік тарапынан барлық тиісті шараларар қабылданатын болады», — деп түйіндеді Р. Дәуешов.